Жол апаты

Атырауда жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Әбілқайырхан даңғылы бойында Лада Приора көлігі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігіне соқтығысқан.

Жол көлік оқиығасы кезінде Лада Приора көлігінің 1983 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Mercedes автокөлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров