Қылмыскер

Іздеуде жүрген 353 қылмыскер ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар өткізді.

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлесіп "Іздестіру" операциясын өткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Қостанай облысының Лисаковск қаласында бастамашының іздестіру тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласында бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін осы жылғы қаңтардан бастап Алматы облысының ПД іздестіруіндегі Талдықорған қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.Ақтөбе облысының Алға қаласында 2021 жылғы қыркүйекте мейрамханада пышақ жарақаттарын келтіріп, облыс орталығының екі тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Ақтөбе облысының 52 жастағы тұрғыны ұсталды.

РФ Хабаровск аймағында қылмыстық іздестіру қызметкерлері мәйіті атыс бытыраңқы жарақаттарымен Теміртау қаласының шетінде табылған қала тұрғының ұрлау және оны өлтіру сыбайласы ретінде 2015 жылғы тамыздан бастап іздестірудегі Теміртау қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған.

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында Сарығаш қаласының кәсіпкерінен 25 млн теңгені бопсалағаны үшін іздеудегі Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тәжікстан Республикасының Соғды облысында 2019 жылғы қазанда Шымкент қаласында "Сүндет" дәмханасында атыс қаруын қолдана отырып, кісі өлтіргені үшін Шымкент қаласының ПД іздестіруіндегі Қазақстан Республикасының 27 және 30 жастағы азаматтары ұсталды.

Самар облысының Тоьятти қаласында Павлодар облысының ПД іздестіру тобы 2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының аумағында "Қазпошта" АҚ-ның ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу арқылы адамдар тобында қайталама транзакцияларды құра отырып, 294 млн теңге жымқырған 39 жастағы ер адамды ұстаған.

Қабылданған шаралардың арқасында операцияның 10 күнінің қорытындысы бойынша іздестірудегі 353 қылмыскер анықталып, ұсталған, оның ішінде кісі өлтірген үшін — 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін — 17, қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін — 5, тонаулар — 8 және қорқытып алу жасағаны үшін — 1 адам анықталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров