Футбол

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Мінез танытып Молдовадан жеңісті жұлып алдық

Бек ТӨЛЕУОВ

© kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдованы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді. Молдова астанасы Кишиневтегі ойынға Экспресс К тілшісі арнайы барып, репортаж таратты.

Матчтан кейін ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович ойын туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

© kff.kz© kff.kz
© kff.kz

Экспресс К: Жеңіс құтты болсын! Өзіңіз бас бапкер ретінде алғаш бастап шыққан ойын туралы айтсаңыз?

Андрей Карпович: Өте қиын матч болды. Барлығы біз күткендей өрбіді. Өзіміз де оңайға соқпайтынын түсінгенбіз. Өйткені қарсылас жанкүйерлерінің алдында ойнады. Сонымен қатар олардың құрамында жоғары деңгейлі футболшылар көп.

Бәлкім, букмекерлер бізді фаворит санаған болар. Бірақ біз қарсыластың қаншалықты қарымды екенін жақсы түсіндік. Әрине, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Алайда мәселе толық шешілген жоқ. Қарымта ойын Нұр-Сұлтанда өтеді. Бүгінгі нәтижені ұмытып, жауапты кездесуге дайындалу керек.

Экспресс К: Өзіңіз эмоцияңызды көп көрсете бермейтін салмақты адамсыз. Дегенмен, бүгінгі жеңістен кейін эмоция шыққан болар?

Андрей Карпович: Эмоцияны ішімде сақтайтын адаммын. Әрине, команда болып, жеңіске қуандық. Мұндай қиын ойында қарсыластан басым түсу қуаныш сыйлайды. Бас бапкер ретінде алғашқы кездесуімді сәтті бастау — ерекше шаттық сыйлайды. Матч алдында жауапкершілік те, толқу да, тіпті қысым да болды. Ұтылып жатып, мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алған командаға алғысым шексіз.

© kff.kz© kff.kz
© kff.kz

Экспресс К: Қазақстан аз шабуылдаса да, өз мүмкіндігін тиімді пайдалана білді. Бұл жігіттердің шеберлік деңгейінің өскенінің белгісі ме?

Андрей Карпович: Дәл қазір мұны ашық айтқым келмейді. Бастысы, қарсыластың агрессиялық ойын көрсететіне дайын болдық. Ал аз шабуылдаса да, қақпаға екі гол соғу — жігіттердің еңбегі. Негізі үшінші допқа да мүмкіндігіміз болған. Матч соңында Айбар Жақсылықовқа сәттілік жетіспеді. Жалпы алғанда, сәттілік біз жағында болды. Оны мойындауымыз керек.

Экспресс К: Бірінші таймда қақпаға голды қалай кіргізіп алдық?

Андрей Карпович: Футбол өзі қателіктен тұрады. Бұл жолы Нұрәлі Әліп концентрация жоғалтып алды. Сосын байқамай қалуы да мүмкін. Қарсылас команданың шабуылшысы сәл ғана босаңсығанын сәтті пайдаланды. Ал үзілісте футболшыларға жаңа тапсырма берілді. Сөйтіп, екінші таймда мінез таныттық. Сосын ойыншыларды ауыстырып, қажетті нәтижеге қол жеткіздік.

© kff.kz© kff.kz
© kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясында Молдованы 2:1 есебімен жеңгенін еске салып өтеміз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров