Бүлдіршіндердің басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті ата-аналардың ашуын туғызды


Видеодан кадр
Қарағанды облысы, Абай қаласындағы балабақшада балаларды басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті желіде қызу талқыға түсті.
Оқиғаны әлеуметтік желіге баласы таяқ жеген ата-ананың бірі жариялаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүлдіршінді басынан ұрған тәрбиешінің әрекетін Іnstagram-да Skandal_krg парақшасы жариялады. Бейнежазбада балабақша қызметкерінің балаларды тыныштандырмақ болғанын байқауға болады. Тіпті стол іспетті жиғаздың үстіне шыққан кішкентайды бірнеше мәрте басынан ұра, бөлменің екінші бұрышына қуалайды. Бұл әрекет желі қолданушыларының ашуын туғызған.
"Бейнебақылау камерасы тұрса да, қорықпай қалай қол көтереді". "Мынадай видеолардан кейін баланы балабақшаға беруге жүрегің шайлығады екен". "Сөз жоқ, мұндай қызметкерлерді жұмысқа қалай қабылдайды, дұрыс емес қой",
Оқи отырыңыз:
Қарағанды облыстық білім басқармасында оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, іс мәнін анықтау жұмыстары басталғанын айтты.
Аталған оқиға "Әдемі" балабақшасында болды. Жағдай бақылауға алынды. Бейнебақылау камерасындағы тәрбиеші жұмыстан шығарылады. Кінәлілер міндетті түрде жазаланады,
Облыстық полиция департаментінде де осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Бөлісу