Ұрлық

Қарағандылық кәсіпкер ҚТЖ-дан 57 миллион теңге ұрлаған

Экспресс К

Коллаж ЭК

Қаржы мониторингі агенттігі "ЖилОтделСтрой" компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.

Оған сәйкес компания басшысы "Қазақстан темір жолынан" 57 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, 2015-2019 жылдар аралығында Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында қоршаулар орнату кезінде А.Б. Құдайқұлов "ҚТЖ" ҰК" компаниясының жұмыс көлемін арттыру арқылы 57 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған.

Жүргізілген тергеу барысында бюджетке келтірілген залал толық өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов бас бостандығынан шартты түрде 6 жылға айырылды,

— делінген Агенттік хабарламасында.

Біз бұған дейін ҚТЖ-дағы тағы біраз былықтың бетін ашылғаны туралы да жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров