Бақытгүл Хаменова

Бақытгүл Хаменованың соты қашан басталады?

Фархат ӘБІЛОВ

facebook.com/Бақытгүл Хаменова / ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты тергеу амалдары аяқталды.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Үш айдан астам уақыт қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаменті тергеді. Істе Хаменовадан бөлек, онымен бірген ұсталып, кейін босатылған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың да аты аталады. Сот сәуір айында басталуы мүмкін.

Иә, тергеу аяқталды. Қазір қылмыстық іспен танысу басталды,

— деді ЭК тілшісіне адвокат Игорь Вранчев.

ЭК осыған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеу ісіне араласып, өзге адамдарға әсер етуі мүмкін деген қауіппен тергеу қапасына қамау туралы шешім шығарды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров