Тәртіпсіздік

Бұрышқа дәрет сындырып, масаң күйде көлік айдаған қыз видеоға түсіп қалды

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Павлодарда көңіл көтеру орнынан шыққан қыз жұрт көзінше дәрет сындырған.

Тәртіпсіздікті Жедел басқару орталығының операторы бейнекамераларға мониторинг жүргізу кезінде анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға кеше түнде, яғни 24 наурызда болған.

Бұрышқа қажетін өтеп алған қыз көлігіне отырып, досымен бірге кетіп қалады. Оның әрекеті күдік тудырған соң, оператор жақын маңдағы полиция автопатруліне хабар берген. Тәртіп сақшылары қызды Н.Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында ұстады.

Медициналық тексеруде жүргізушінің масаңдау болғаны анықталды. 39 жастағы қала тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөліміне және 434-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Сот шешіміне сәйкес, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды,

— дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров