Шоу-бизнес

"24 сағат бойы тарсыл-гүрсіл". Жеңіс Ысқақова жосықсыз құрылысқа наразы

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhenisiskakova / Видеодан кадр

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова өз үйінде тұрғысы келмей жүр.

Себебі, 24 сағат бойы тарсыл-гүрсіл тыныштарын алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жеңіс өз ойын Instagram-дағы парақшасында білдірді. Онда әнші көпқабатты үйлердің заңсыз салынып жатқанын айтты. Әншінің айтуынша, сол құрылысқа жауапты мекеме басшысы Тоқаевтың бұйрығына пысқырып та қарамайды.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке үйлердің жанындағы құрылыстарды тоқтатуды бұйырғанын естіп, жүрегім жарылып қуанып едім. Бірақ сол бұйрықтың мына компанияға қатысы жоқ па деп ойлап тұрмын. Әлде бұл компанияның бастығы шетелде жүр ме екен? Оны білмедім. Бұл заңға бағынбайтын қандай компания өзі? Мына менің үйіммен кранның екі ортасы тоғыз-ақ метр. Тарсыл-гүрсіл дауысты естіп тұрған боларсыздар. 24 сағат бойы осылай. Оларға тез-тез бітіріп, өткізу керек болып тұр. Жылдам салып бітірсек бұздырмайды деген ойлары бар сияқты", — дейді Жеңіс Ысқақова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров