Дінмұхамед Қонаев

Мәслихат Қапшағай қаласына Қонаев атын беру ұсынысын бірауыздан қолдады

Олжас НҰРЖАҚЫП

Дінмұхамед Қонаев

Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссия отырысында Қапшағай қаласының атауын ауыстыру мәселесін талқылады.

Нәтижесінде қаланы Қонаев есімімен атау ұсынысын бірауыздан қолдайтындарын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/kapshagay.maslikhatinstagram.com/kapshagay.maslikhat
instagram.com/kapshagay.maslikhat

Қапшағай қаласын "Дінмұхамед Қонаев" атымен қайта атау туралы сұрағы бойынша қаладағы мүгедектер мен көпбалалы аналар бірлестігі, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардан, этномәдени орталықтардан көптеген хат келіп түскен. Осыған орай қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті. Онда депутаттар халық ұсынысын қолдайтындарын айтты.

instagram.com/kapshagay.maslikhatinstagram.com/kapshagay.maslikhat
instagram.com/kapshagay.maslikhat

"Дауыс беру нәтижесі бойынша Қапшағай қаласын "Дінмұхамед Қонаев" атымен қайта атау туралы шешім бірауыздан қабылданды. Енді отырыс хаттамасы облыстық ономастикалық орталық тексеруіне жіберіледі. Одан әрі Республикалық ономастикалық орталық қарайды. Бәрі дұрыс болса, нормативтік құжатқа сай қала атауын ауыстыру туралы жарлық шығарылады", деді қалалық мәслихаттың өкілі.

instagram.com/kapshagay.maslikhatinstagram.com/kapshagay.maslikhat
instagram.com/kapshagay.maslikhat

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа жолдауында Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдайтынын айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров