АЭС

Қазақстанда АЭС салына ма, жоқ па? Министр нақты жауап берді

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

iStock

Еліміздің Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты жоспарлармен таныстырды.

Оның айтуынша, АЭС салу бір-екі жылдың мәселесі емес, деп хабарлайды Экспресс К.

"Атом электр станциясын салу 1-2 жылда шешілетін шаруа емес. Кем дегенде 1 жылдай уақыт оның орналасатын жерін, ол аймақтың климаты мен тектоникасын, судың бар-жоғын, мамандардың жеткілікті болуын зерттеуге және талқылауға кетеді. Осыдан кейін ғана қандай АЭС-ті қандай технологиямен саламыз деген мәселеге көшеміз. Дәл қазір Қазақстанда АЭС салуға деген сенімділік пен ниет өте нақты әрі жоғары екенін ғана айта аламын", — деді министр.

Біз бұған дейін болашақта салынатын АЭС қайда орналасуы мүмкін екенін жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров