Сот

Кісен орнына білезік. Сотталғандар электронды бақылауға алынады

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Қостанай облысында бас бостандығы шектелген азаматтарды бақылауға арналған электронды білезіктер қолданыла бастайды.

Қазірдің өзінде өңірге мұндай 472 астам құрылғы әкелінген, деп хабарлайды Экспресс К.

Пробация қызметінің мамандары бас еркіндігі шектелген жандарға білезік салған кезде оларға электронды құрылғыны пайдалану тәртібін егжей-тегжей түсіндіріп, қолына нұсқаулық қағазын ұстатады.

"Электронды бақылау құралдары бас бостандығы шектелгендерге және шартты түрде сотталған адамдарға қолданылады. Пробация қызметкерлері олардың белгілі бір уақытта қайда жүргенін көріп-біле алады", — деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рабат Мырзатаев.

Оның айтуынша, сотталушылар күндіз-түні электронды бақылауда болғандықтан, олардың қайтадан қылмыс жасауына, әкімшілік құқықбұзушылыққа баруына барынша бөгет жасамақ.

Бұған дейін пробация қызметінде бейнетіркегіштер мен биометриялық терминалдар қолданысқа енгізілген еді. Енді электронды білезіктер тәртіп сақшыларының құрығын ұзарта түседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров