Зорлық

Қызылордада медбикені зорлағысы келді деген дәрігер қызметінен босады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Онкологиялық ауруларды емдейтін орталықтағы сұмдық жағдайға байланысты қылмыстық іс басталды.

Ақ халаттының жас қызға жымысқы ойын іске асырмақ болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жазба авторы жұмысқа мас келген дәрігер медбикені зорлауға әрекет жасағысы келгенін жазған. Сорақысы, өзіне қарсыласқан қызды ақ халатты күштеп, тіпті аурухана баспалдағынан итеріп жіберген. Ал әп-әйдік азаматтан қорқып кеткен медбике сол маңнан қашып кеткісі келген. Алайда дәрігер қызға "бұл жайлы біреуге жақ ашсаң, жұмыстан шығартамын" деп қорқытыпты.

facebook.com/zhamilivefacebook.com/zhamilive
facebook.com/zhamilive

Елді дүр сілкіндірген осы ақпаратқа қатысты Экспресс К тілшісі онкологиялық орталықтың бас дәрігеріне хабарласып көрді. Басшы қазір бұл оқиға жайында толық ақпарат бере алмаймын деп отыр.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Ол дәрігер жұмыстан өз еркімен кетті. Ал медбике еңбек демалысындағ

— дейді бас дәрігер Сәкен Серғазиев.

Полиция департаментіндегілер де осы оқиғаға байланысты зорлауға оқталу бабымен іс қозғалғанын жеткізді.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне ҚК-нің 24 бабының 3 — бөлігі және 120 бабының 1 — бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр,

— деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров