Владимир Жириновский

Владимир Жириновский тірі болып шықты

Фархат ӘБІЛОВ

©AP/Alexander ZEMLIANICHENKO

Ресейлік депутат Владимир Жириновский ауруханада жатыр.

Көптеген БАҚ Жириновскийдің қайтыс болғанын жазған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның қайтыс болғанын ресейлік сенатор және Федерация кеңесінің мүшесі Александр Пронюшин растаған болатын. Ол кейін жазбасын өшіріп тастады. РФ Денсаулық сақтау министрлігі оның тірі екенін мәлемдеді. Ол осыған дейін өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынып, ауруханаға түскен болатын. Жалпы, Жириновский коронавирусқа қарсы 8 рет вакцина алған.

Науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер қолдан келген медициналық көмекті көрсетіп жатыр,

—РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен. Кейін Ресейде түрлі қызметте болып, елімізді жиі сынады. ҚР Сыртқы істер министрлігі Жириновскийге ел аумағына кірмеуге ресми түрде ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров