Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың інісі үйлену тойына 500-ден астам адам шақырмақ

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Хит әнші Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар Нұртас жақында дүркіретіп үйлену тойын жасамақ.

Заңғар тойға 550 адамды шақырып қойған, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның сөзінше, думанды кеште тек ет жақындары ғана болады. Әзірге тойдың нақты қай күні өтетіні белгісіз. Бірақ Қайраттың інісі оған қызу дайындалып жатыр.

Менің тойымда 550 адам болады екен. Негізі одан да көп. Бірақ енді қысқартып ең жақын араласатындарды шақырдым. Соның өзінде 550 адам шықты. Маған 80 орын берді. Ал қалған 470 адамды әкем мен шешем шақырды,

— дейді Қайраттың інісі Заңғар.

Заңғардың дүбірлі тойға 550 адам шақырғанын естігенде желі қолданушылары оны сынап тастады.

"Мақтаншақ", "Сенің тойың кімге керек?", "500 адамдық той Шымкенттіктер үшін үйреншікті",

— деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін Қайраттың інісі қалыңдығын ұзатып алғанын жазды. Қалыңдықтың ұзату тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті. Тойды танымал әнші әрі сазгер Нұрлан Еспанов тізгіндеді. Ал әнші Абай Бегей мен жұлдызды жұп Мирас пен Құралай болса хит әндерімен қонақтарды орнынан тұрғызып билетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров