Дінмұхамед Қонаев

Қонаевтың ескерткішіне неге 10 жыл бойы орын табылмағаны белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

© Ержан ҚАЛДЫБАЕВ

Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаровтың бірге тұрған ескерткіші жайлы әлеуметтік желіде жиі жазылды. Тіпті 10 жылдан бері орнын таба алмағаны, үй ауласында қалып кеткені де айтылып дабыл қағылды.

Осы орайда Экспресс К тілшісі ескерткішті жасатқан Ержан Қалдыбаевпен әңгімелесті. Ол 10 жыл бойы ауласында сақтаған алып ескерткіштің тарихына, әрі мақсатына толық тоқталды.

Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаровтың бірге тұрған ескерткіші жайлы

2012 жылы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толды. Сол жылы көрнекті қайраткердің мерейтойын республика көлемінде атап өтуіміз керек еді. Бірақ бұл күн, бұл жыл тасада қалды. Ұлы тұлғалардың ұрпағы ретінде құр жата алмадым. Жаз ортасында қазақтың қос қайраткеріне арнайы ескерткіш жасатуды қолға алдым. Осылайша дос-жаран, туыс-таныстарды, кәсіпкерлерді аралап, ақша жинадым. Өз қалтамнан да қомақты қаржы шығарып, ескерткішті бастап кеттім.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Шамамен жарты жылдан аса уақыт кетті. Қырғыз, қарақалпақ және қазақтың жақсы мүсіншілерінің басын қосып, барынша ескерткішті ерекше етіп жасауға тырыстық. Жарты жылдан аса уақытта 4 мәрте бұзып қайта жасадық. 4 адам әр дене мүшесін ұқсатуға тырысты. Қанша қаржы кеткенін айтпай-ақ қояйын. Биіктігі 3 метрге жуық. Қымбат металлдан істелді. Дайын болған кезде әкімдікке қоятын орын сұрап барып едік, рұқсат бермеді. Содан бері ауада, яғни, аулада тұр. Кейін Асанбай Асқаровтың жолдасы, Қонаевтың жақындары келді. Көріп, өз бағаларын берді. "Керемет ұқсаған екен" деп ризашылықтарын білдірді.

Неліктен ескерткішке екі тұлғаны біріктірдіңіз?

10 жыл бойы аулада тұрған ескерткіш10 жыл бойы аулада тұрған ескерткіш
10 жыл бойы аулада тұрған ескерткіш

Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаровты бір ескерткішке біріктіруді жағымпаздар көп сынады. "Бірі облыс басқарған, бірі республика басқарған. Олар қалайша бірге тұр" деген сыңайда. Бірақ олар түпкі тарихты, негізгі ойды түсінбейді. Екеуі де қазақтың болашағы үшін күрескен азаматтар, екеуі де қарапайымдылықтың символы. Қанша билікте отырса да өмір бойы қарапайымдылығымен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жандар.

Ержан Қалдыбаев және Ескендір ХасанғалиевЕржан Қалдыбаев және Ескендір Хасанғалиев
Ержан Қалдыбаев және Ескендір Хасанғалиев

Желтоқсан көтерілісі кезінде қазақтың саяси аренасындағы беделді тұлғалар осы екі азамат еді. Мәскеуден келген тергеушілер осы екі азаматты қатты қудалады. Асқаровты 70-тен асқан шағында 7 жылға соттап жіберді. Мәскеудегі тергеу изоляторында отырды. Кейін соты қазіргі Бішкек, бұрынғы Фрунзе қаласында өтті. Қонаевты Колесниченко деген тергеуші тергеді. Ол Гарбочевқа күнделікті іс әрекетін айтып отырды. Қазақтың арасында беделі жоғары болғандардың көзін жою Мәскеудің негізгі саясаты еді. Бірақ Қонаевты түрмеге жаппады. Өйткені сол кезде Қонаев моральді күйзеліске түсіп, өліп кетуі мүмкін деген күдікпен үй қамауға алды. 2 жыл үй қамақта отырды. Тергеудің бәрі астыртын жүргізілді. Қонаевтың жолдасы өте сақ адам еді. Барлық дүниенің түбіртегін жинап жүретін. Сұрап, тергеуге алғанда бәрін көрсетіп отыратын. Ештеңе таппағаннан кейін тергеуді қояды. Ескерткішті жасаудағы негізгі мақсат осы. Қазақтың ұлы тұлғаларына ұрпақтарының атынан ескерткіш қойып, тағзым жасау. Ауызбіршілікті арттыру, рухты көтеру.

Мұрат Әуезов және Ержан ҚалдыбаевМұрат Әуезов және Ержан Қалдыбаев
Мұрат Әуезов және Ержан Қалдыбаев

10 жылдан бері аулада қалған ескерткішті орнатуға кімдер қарсы болды? Қазір ұсыныстар бар ма?

Әкімдер атын естісе, қашатын болды. Қонаев жайлы айтқан адамды қудалауға алатын. Содан болар, Қонаевтың ескерткішін еш әкім қолдамады. Биыл аулада тұрғанына 10 жыл болды. Тіпті менің өзім осы ескерткішті жасағаным үшін 10 жылдан бері қара тізімдемін.

2 жыл бұрын Шымкенттегі дендросаябақтың алдына қояйық деген ұсыныспен әкімнің орынбасары келген. Бірақ ол да көпке созылмады. Алғаш қуанып қалған ем, бұл мәселе де жабулы қазан күйінде қалды. Содан бері ешқандай ұсыныс жоқ. Бірақ арманым осы ескерткіштің өз орнын табуы. Халықтың, елдің игілігіне жарауы. Осындай Ұлы тұлғалардың ұрпағы ретінде оларға қашанда тағзым ету біздің басты парызымыз болуы керек!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров