Футбол

Молдованы жеңген қазақ футболшылары қалай қуанды?

Бек ТӨЛЕУОВ

kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдованы 2:1 есебімен жеңді. Кишиневте өткен алғашқы матчқа Экспресс К тілшісі арнайы барып қайтқан болатын.

Көптен күткен жеңіске Қазақстан футболшыларынан бөлек, бапкерлер штабы мен федерация басшылары да қатты қуанды, деп хабарлайды Экспресс К.

© FMF© FMF
© FMF

Бұл Ұлттар лигасының С дивизионда қалуға арналған матч болатын. Кишиневтегі алғашқы кездесу 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Ойыннан кейін Федерацияның жаңа президенті Әділет Барменқұлов футболшыларды жеке-жеке құттықтап шықты.

Әрбір жеңіс қуаныш қой. Қазақ елі осы жеңісті көп күтті. Федерацияның жаңа басшылары да келіп, қолымызды алып кетті. Өзінің 1-2 ауыз алғысын білдірді. Сосын алдағы жауапты матчқа жақсылап дайындалу керек екенін айтты,

— дейді шабуылшы Айбар Жақсылықов.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясында Молдованы 2:1 есебімен жеңгенін еске салып өтеміз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров