Заманбек Нұрқаділов

Заманбек Нұрқаділовтың ісі қайта қарала ма? Бас Прокуратура жауап берді

Олжас НҰРЖАҚЫП

Заманбек Нұрқаділов

Бас Прокуратура Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпаратқа жауап берді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тергеу ісі қайта басталғаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат тарады.
Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды,

—делінген Бас прокуратура ақпаратында.

Сондай-ақ, Қайрат Нұрқаділовтың арызын ведомство қарап жатқанын да хабарлады. Еске салайық, бұған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өзін-өзі атқанына сенбейтінін, Бас прокуратураға істі қайта қарауға арыз жазғанын айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров