Қызылорда облысы

Білім басқармасы 14,5 млн теңге тұратын 1 литр сүтке байланысты түсінік берді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Коллаж ЭК

Басқарма басшысы небәрі 1 литр сүтті осыншама қыруар қаражатқа сатып алу жоспарымызда болмады деп отыр.

Қызылорда облысының бас педогогының сөзінше, мемлекеттік сатып салу порталында техникалық қате кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Айта кету керек, бұған дейін Экспресс К Шиелі аудандық білім бөлімінің 1 литр сүтті мемлекет қаражатынан 14 млн 577 мың теңгеге сатып алмақ болғанын жариялаған. Бөлім басшыларының бұл әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дер кезінде тоқтатқан еді. Сөйтіп бұл соманы 223 теңгеге қысқартқан болатын.

Ал білім басқармасының басшысы негізі миллиондаған ақшаға 1 литр емес, бір жылдық сүт сатып алғымыз келді деп отыр. Оның айтуынша, бюджет қаражатын оңды-солды шашу жоспарларында болмаған.

Сондай-ақ басқармадағылар небәрі 1 қыстық күртешені 1 млн 670 мың 14 теңгеге сатып алмақ болған мектеп басшыларының әрекетіне түсінік берді. Бұл жерде техникалық қате болған дейді білім басқармасының басшысы.

Қармақшы ауданы №275 орта мектебі мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қате жіберілген. Яғни, 1 күрткенің бағасы 16 701,43 теңгеден болу қажет еді, алайда үтірсіз 1 млн 670 мың 14 теңге көрсетілген,

— деп мәлімдеді білім басқармасындағылар

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров