Армения

Армения Таулы Қарабаққа Әзірбайжанның басып кіргенін мәлімдеді

Экспресс К

InterAZTV

Арменияның Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан Қарулы күштерінің Таулы Қарабаққа басып кіргені туралы мәлімдеме жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, әзірбайжандықтар Арменияның қорғанысына қарай оқ ата бастаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Армения Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Әзірбайжан Ресейдің бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына басып кіруді жалғастырып жатыр. Қозғалыс 24 наурызда Аскеран ауданының Парух ауылында басталды.

"Кеше түнде басып кірген Әзірбайжан бөлімшелері қорғаныс армиясының посттарына оқ жаудырды. Таулы Қарабақтағы жағдай шиеленісе түсуде. Армения Ресейдің бітімгершілік күштері Әзірбайжан Қарулы күштерінің басып кірген бөлімшелерін Ресей бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағынан дереу шығарып жібереді деп күтеді", — делінген хабарламада.

Біз бұған дейін Әзірбайжан мен Түркия Қарабақты қалпына келтіру туралы келісімге қол қойғаны туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров