Қаржы

Ұлттық банк қаражатты алтын құймалармен сақтауды ұсынды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлттық банк қаржыны алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталармен және тазартылған алтын құймаларымен сақтауды ұсынады.

Ұлттық банктің мәліметінше, алтын мен күміске салынған қаржы инвестицияны инфляция мен валюталық тәуекелден сақтап қана қоймай, сонымен қатар бәсекеге қабілетті кірісті де қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаржыны алтынмен сақтаудың артықшылықтардың бірі — оның нарықтағы өтімділігі және оларды кері сату мүмкіндігінің болуы,

— дейді Ұлттық банк.

Сонымен қатар жақын арада ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы инвестициялық монеталарға алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туады. Ондай жағдайда сатып алушылар өздеріне ыңғайлы уақытта монеталарды алып кете алатын ҚҰБ филиалын таңдай алады. Егер таңдалған филиалда монеталар болмаса, 4-6 апта аралығында жеткізіп береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров