ҚТЖ

Қазақстанда пойыздардың 60 пайызы тозған

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Швейцария елшісі Давид Грифтингпен кездесіп, теміржол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов көлік-логистикалық қызметтерге деген сұраныстың артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов қазақстандық машина жасау саласы ұлттық экономиканың әлеуеті зор салаларының бірі екенін және оны жергілікті деңгейде дамыту үшін тиісті мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың тозуы шамамен 60 пайызды құрайды, сондықтан оларды біртіндеп жаңартуымыз керек. Бұл жоба Қазақстандағы жергілікті өндірісті кеңейту тұрғысынан өте маңызды,

— деді премьер-министр.

Швейцария тарапының өкілдері "Мade in Kazakhstan" заманауи жылжымалы теміржол құрамының әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін өндірісін жолға қоюға, персоналды оқытуды қамтамасыз етуге, жергіліктендіру жөніндегі талаптарды сақтау бойынша міндеттемелерді орындауға дайын екендіктерін және Қазақстанды осы аймақтағы негізгі алаң ретінде көргісі келетіндерін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының теміржол саласындағы және басқа да салалардағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров