Қару

ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде ұрланған заттарды алып қою жөнінде мақсатты шаралар қабылдап жатыр.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, атыс қаруын заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 319 адам ұсталған. Жүргізілген арнайы операциялар барысында атыс қарулары сақталған 97 қойма жойылды, деп хабарлайды Экспрес К.

"Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, 1 пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді", — делінген хабарламада.

Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров