Қазақстан газ экспортын тоқтатуы мүмкін

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

2024 жылға қарай Қазақстан газ экспортын тоқтатуы мүмкін.

Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Болат Ақшолақов елдегі газ қоры өзімізге жетпейтіндей заман келе жатқанын айтады.

"Қазірдің өзінде бізде газ тұтыну көлемі үлкен. Газдандырылған өңірлердің өзінде сұраныс жоғары. Өнеркәсіп пен электр энергетикасының кәсіпорындары және бар. Осының бәрі 2024 жылға қарай бізде газ экспорты болмайтындай жағдайға әкелетін шығар. Өйткені бар газды өз ішімізде тұтынатын боламыз. Яғни, қосымша газ қажет болады", — деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров