Жемқорлық
Жемқорлық әрекеті үшін 892 шенеунік сотталды


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
2021 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 шенеунік сотталды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Экспресс К.
"Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды. Олардың ішінде: ішкі істер органдарынан — 207, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен — 150, оның ішінде әкімдер — 5, Қаржы министрлігінен — 34, Ауыл шаруашылығы министрлігі — 19, Денсаулық сақтау министрлігі — 16, ұлттық қауіпсіздік — 10, экономикалық тергеу қызметі — 4, прокуратура — 3, судьялар — 3", — делінген хабарламада.
Бөлісу