Ресей

Ресей депутаты "денацификация" аймағына тағы бірнеше елді қосуды ұсынды

Бек ТӨЛЕУОВ

twitter.com/moscowcityduma

Мәскеу қалалық думасының депутаты "денацификация" аймағын Украинамен шектемеуді ұсынды.

Ресей 24 ақпанда "демилитаризация және денацификация" ұранымен Украина қалаларына шабуыл бастаған болатын. Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Севостьянов енді "денацификация" аймағына Балтық жағалауы елдерін, Польша мен Молдова, Қазақстанды қосуды сұрап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы ол өзіне келіп түскен өтініштердің біріне берген ресми жауабында жазған. Депутаттың қолы қойылған ресми бланкідегі жауабы әлеуметтік желіде тарады. Сонымен қатар 360tv.ru сайты да жазды.

Украинаны "демилитаризация және денацификация" ету Ресей мен Украина және Еуропа халқының тұрақтылығын сақтайды. Енді осы процесті толық аяқтау үшін Балтық жағалауы елдері, Польша, Молдова және Қазақстан елдерін қосуды өтінемін,

— деп жазған депутат.

Ол сонымен қатар Украинадағы арнайы операцияға қатысты талқылауға "барлық аймақтық парламенттер қатысуы керек" деп санайды.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы айтып, Ресей халқына үндеу жолдаған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 наурызда әуелі Ресей президенті Владимир Путинмен, одан кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров