Қазақстан жаңалықтары

Елімізде ақ қағаздың бағасы шарықтап кетті

Фархат ӘБІЛОВ

facebook.com

Елімізде А4 форматындағы ақ қағаздың бағасы бірден екі есеге өсті.

Кейбір дүкендер бір адамға тек бір қораптан ғана сатып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақ қағаздың бағасы Наурыз мейрамынан кейін күрт өсті. Бұрындары ішінде 500 дана тұратын бір қорап А4 форматындағы ақ қағазды 1500 теңге төңірегінде сатылса, енді бағасы екі есеге өскен.

Қазақстандағы ең ірі канцеляриялық тауар сататын дүкенде ақ қағаздарды шектеп сатып жатыр. Сонымен қатар, ғаламторда да ақ қағаздардың саудасы қызып тұр. Алыпсатарлар жоғары бағаға қалаған мөлшерде ақ қағазды тауып беруге дайын. Бірақ оларда ақ қағаздың бір қорабы 3500-4000 теңгеден басталады.

Канцтауарлар сататын дүкен иесінің айтуынша, елімізге ақ қағаздар көрші Ресейден әкелінеді. Сол себепті баға шарықтап кетті.

Зауыттар Ресейде. Санкцияға байланысты олардың жұмысы қиындап кетті. Себебі қажетті шикізаттан олар сырттан алады. Баға тек бізде емес, Ресейден қағаз алатын елдерде де өсті. Енді дәптерлердің де бағасы өсетін шығар,

— деді ЭК тілшісіне кәсіпкер.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ақ қағаздың бағасының өсуінде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп отыр.

Ақ қағаз Қазақстанға шетелден тасымалданады. Бәсекелестік заңнамасын бұзу деректерін көріп отырғанымыз жоқ,

— деп мәлімдеді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров