Президент

Тоқаев оқушыларға автобус сыйлады

Экспресс К

t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына автобус сыйлады.

Бұл автобуспен балалар түрлі байқау, жарыс пен фестивальдерге барады, деп хабарлайды Экспресс К.

t.me/bort_01t.me/bort_01
t.me/bort_01

Алматыдағы Оқушылар сарайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта автобус барлық талапқа сай және алыс сапарға шығуға ыңғайлы екені айтылған.

t.me/bort_01t.me/bort_01
t.me/bort_01

Ауаны баптау және жылыту жүйелері бар. Одан бөлек, төрт бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған пандус және басқа да құрылғылармен жабдықталған,

— делінген хабарламада.

Сонымен қатар Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров