Newscorr
Newscorr: Ақтауда жолдың дәл ортасында алып шұңқыр пайда болды


Видеодан кадр
Суретте асфальттың ойылған жерін көруге болады. Ал шын мәнінде шұңқырдың тереңдігі бірнеше метр.
Бұл видеоны Newscorr сервисіне тұрғындардың бірі жіберді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл шұңқыр топырақты жер асты сулары шайып кеткендіктен пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл жерде бір кездері үлкен су қоймасы болып, оны жауып тастауы да ғажап емес. Ал асфальт ойылғанда шұңқыр пайда болған.
Оқи отырыңыздар:
Бұған дейін дәл осындай жағдай Орал іргесіндегі Зачаганск ауылында да болған. Рас, ондағы шұңқырдың тереңдігі мұндай үлкен емес. Соған қарамастан жолдағы көліктің құлап кетуі үшін жеткілікті болды.
Бөлісу