Тұрсынбек Қабатов
Қарақат Әбілдина тойда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты жылатып алды


Видеодан кадр
Әнші Қарақат Әбілдина тойда тілек айтамын деп белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты жылатып алды.
Оның көзіне жас алған сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов келіншегінің туған күнін дүркіретіп өткізді. Кешке еліміздің көптеген өнер адамдары келген. Оның ішінде әнші Қарақат та бар. Ол тілек айту кезінде той иесін жылатып алды. Жас келген көзін ақ беторамалмен сүрткен Қабатовтың бейнежазбасын Ақерке Тәжібаева Іnstagram парақшасының сторисінде жариялады.
Оқи отырыңыз:
Қуаныштымын. Арқа сүйер азаматың аман болсын. Көзіңнің ағы мен қарасындай болған құлыншақтарыңның бақытын көр,
Еске салайық, ЭК бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың туған күн кешінде үнді биіне билегенін жазған еді.
Бөлісу