Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елімізде соңғы бір аптаның ішінде (19-25 наурыз аралығында) ең қатты қымбаттаған тауар түрлері белгілі болды.

Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының 1,7 пайызға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған өнімдер: қырыққабат — 11%, пияз — 9,3%, қант — 6,3%, картоп — 4,7%, сәбіз — 3,3%, тауық жұмыртқасы — 1,7%.

Бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары орташа өсімі Алматы қаласында және Қарағанды облысында — 3,5%-ға, Түркістан облысында — 2,5%-ға, Жамбыл облысында — 2,2%-ға тіркелді,

— делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде бір аптада елімізде 749 сауда тәртібін бұзушылық анықталды. Яғни, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіріп сатқан. Қантты 40 пайызға дейін, күнбағыс майы бойынша 35 пайызға дейін және көкөністер бойынша 25 пайызға дейін қымбаттатқаны анықталды.

Мониторингтік топтардың есептеріне сәйкес, еліміздегі кәсіпкерлердің ӘМАТ-қа рұқсат етілген 15 пайыз үстемесін сақтауына тексеріс жүргізілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров