COVID-19

"Қайтып келмеңіз, апа!". Атырауда науқасты ауруханадан салтанатпен шығарып салды

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған сурет

Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты.

70 жастағы науқасты дәрігерлер салтанатпен үйіне шығарып салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған суретАтырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған сурет
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған сурет

70 жастағы Сәуле Жолдыбаева ауруханаға 16 наурызда өкпесінің 40 пайызы қабынған күйде түскен. 10 күн ем қабылдап, ауруынан айығып, коронавирустан ем алған соңғы пациент ретінде ауруханадан шықты.

Ауруханаға келгеннен бері емімді толық алдым. Дәрігерлер тиісті көмектерін көрсетті. Аурухана басшылығынан бастап бәріне айтар алғысым шексіз. Бастысы, қауіпті індет жойылып, қалыпты өмірге оралсақ екен деген тілегім бар,

— деді Сәуле Жолдыбаева.

Жолдыбаеваны ауруханадан қол шапалақтап, шығарып салғаннан соң, бірнеше дәрігерге алғыс хаттар табысталған.

Енді облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Екі жылда көптеген коронавирус толқындары болып, әртүрлі мутацияға ұшыраған штаммдармен кездестік. Осы індетпен күресу бүгінде өз нәтижесін берді,

— деді Облыстық ДСБ басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Дәрігерлер ауруханада қызметерін жалғастыра беретінін атап өту керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров