Жәнібек Әлімханұлы

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағына таласатын болды.

Мұндай мәлімдемені британиялық боксшының промоутері Ли Итон жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Аталмыш кездесу мамырдың 21-де АҚШ-та өтеді.

Біз Әлімханұлымен WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін АҚШ-та жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымыз,

-деп жазды Итон Twitter парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында Америкада жүргеніне 4 жыл болғанын, енді карьерасындағы ең маңызды кезеңдер басталатынын айтты.

11 жекпе-жек өткіздім. Енді әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алдық. Бастаған тірліктің белортасына келіп қалдық. Бұйыртса әлем чемпионы белбеуін елге алып қайтамыз! Ол күнге де санаулы ай қалды! Жоспар көп, мақсат айқын!,

Бұған дейін мамандар Жәнібек Әлімханұлын GGG-мен салыстырғанын хабарлағанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров