Есірткі

Әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан алматылық тұрғын ұсталды

Экспресс К

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Күдікті Алматы қаласы Алатау ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам Telegram канал арқылы синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан, деп хабарлайды Экспресс К Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

"Күдіктінің үйінен құрамында түрлі түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 15 қаптама, электронды таразылар, оның компьютерінен "жылдамдық" және "мефедрон" сияқты есірткі заттарын жарнамалау және сату туралы мәліметтер табылып, тәркіленді. Күдіктінің Telegram платформасында жеке ресурсы бары және сол арқылы синтетикалық есірткі сататындығы анықталды. Ол бірден бұғатталды", — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Аяғанов.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Ер адамның көлігінен тағы бірнеше шөп салынған қаптама табылды. Тәркіленген заттарға тиісті сараптама тағайындалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров