Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Экспресс К

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік апаты Кеңес Нокин даңғылында болды.

Облыстық Полиция Департаментінің мәліметінше, Нокин даңғылымен келе жатқан "Lada" қарсы бетке шығып кетіп, "Toyota Land Cruiser Prado" автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қатты соққы салдарынан "Lada" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан қаза тапқан жолаушының әзірге жеке басы анықталған жоқ. Қарсы көліктің жүргізушісі дене жарақатымен медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіАқтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Полиция Департаментінің өкілдері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды және жолда аса сақ болуды ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров