Көлік

Иттің өлексесін көліктің артына байлап алған жүргізуші ұсталды

Экспресс К

Видеодан кадр

Бейнежазба Қарасай ауданы, Шамалған ауылында 24 наурыз күні түсірілген.

Өлген итті көлікке байлап алған жергілікті түрғын болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тoyota 4Runner" автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Жүргізушінің айтуынша, жолда жатқан иттің өлексесі көлік қозғалысына кедергі жасаған. Сол себепті ол итті көлікпен сүйреп, ауыл шетіне апарып тастамақ болды", — деді полиция департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта айғақтар тексеріліп жатыр. Қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров