"Қолдап келгеніңе рахмет". Қайрат Нұртас қойылымнан кейін Жұлдызға гүл сыйлады


Іnstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Түркістан театрында "Махаббат мұнарасы" спектаклінің кезекті қойылымы өтті. Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова басты рөлді сомдады.
Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
Қойылым соңында Жұлдызды құттықтауға ата-анасы мен балалары келді. Спектакльде хитмен Қайрат Нұртас та бой көрсетті. Қойылымнан кейін сахнаға көтерілген ол театр актерлерін құттықтап, Жұлдызға бір құшақ гүл сыйлады.
Оқи отырыңыз:
Жұлдыз да өз кезегінде көрермен ретінде келіп, қолдау көрсеткені үшін Қайратқа алғыс білдірді.
Қолдап келгенің үшін рахмет,


Іnstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Бұған дейін Экспресс К Жұлдыздың Түркістандағы театрға жұмысқа тұрғанын жазған болатын.