Атырауда қаңғыбас иттер қаптап кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Қала тұрғындары балаларын далаға шығаруға қорқады.

Тұрғындардың айтуынша, топ-топ болған бұралқы иттер қаланың орталығында жүреді, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбадан Атырау көшелерінің әр тұсында жатқан қаңғыбас иттерді көруге болады.

Видео авторы қала халқының бұралқы иттерден қорқатынын айтады. Сондықтан олар иттер көп жүретін жерді айналып өтуге тырысады. Соңғы кездері иесіз иттер қалалық алаңда жиі шоғырланып жүр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ешкім қараусыз қалған иттерді аулаумен айналысып жүрген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров