Жер

Банк кепіліндегі пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ауыл шаруашылығы министрлігі кепілдегі немесе қаржылық ұйымдардың меншігіндегі пайдаланылмаған жер телімдерін мәжбүрлі түрде алып қоймақ.

Министрлік қарапайым халыққа, диқаншылар мен егіншілерге жер жетпей жатқандықтан жер телімдерін банктерден тартып ала бастады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Қазақстанның жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мен, бүгін 2022 жылғы 25 наурыз күні ҚР АШМ ЖРБК барлық аумақтық жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейдегі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырдым. Тек заң саласында", — делінген жазбада.

Сонымен қатар, ол жер қатынастары саласындағы жағдайды ретке келтіру өзінің негізгі міндеті екенін атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров