Тонаушылар

Таразда қаруланған екі жігіт дәріхананы тонап кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Оқиға 25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында Тараз қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болған.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам дәріханаға баса көктеп кіріп келді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мекемедегі бейнекамераға түсіп қалған видеодан күдіктілердің тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, шыны витринаны сындырғанын байқауға болады. Сондан соң олар 37 000 теңге көлемінде ақша ұрлап, оқиға орнынан тайып тұрған.

Аталған дерек бойынша ҚК 192-бабы, 3-бөліміне (Бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды,

— делінген хабарламада.

Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіріп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров