Ауа райы

27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елімізде құбылмалы ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" орталағының мәліметінше, Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, таулы өңірлерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында бұрқасын жел соғып, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жел секундына 23 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында бұрқасын жел соғып ,солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен батысында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түсіп мен көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбе облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров