Джо Байден

Байден Ресей президенті туралы: "Ол билікте қалатын адам емес"

Экспресс К

©AP/Evan VUCCI

26 наурызда Варшавада сөйлеген АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысы Ресей үшін стратегиялық сәтсіздікке айналғанын айтты.

Бұл туралы BBC News жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Украинаны жеңу Ресейге ешқашан абырой әпермейді, өйткені еркін адамдар қараңғылық пен үмітсіздік орнаған әлемде өмір сүргісі келмейді. Бізде демократия мен қағидаттарға, үміт пен жарыққа, парасаттылық пен абыройға, еркіндік пен мүмкіндіктерге негізделген басқаша болашақ, жарқын келешек бар. Құдай үшін, бұл адам билікте қалатын адам емес", — деді Байден.

Сондай-ақ, Варшавада украиналық босқындармен кездесу кезінде Байден Путинді "қасапшы" деп атады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров