Көлік

Қазақстанда 700 мың теңгеге қандай шетелдік көлік алуға болады?

Экспресс К

e-auction.gosreestr.kz

Мемлекеттік аукционға қатыса отырып, аз ақшаға иномарка сатып алуға болады.

Мәселен, қазір Нұр-Сұлтан қаласының полициясы "Пежо" маркалы көлікті небары 700 мың теңгеге бәссаудаға шығарған, деп хабарлайды Экспресс К.

e-auction.gosreestr.kze-auction.gosreestr.kz
e-auction.gosreestr.kz

Әрине, көлік ескіргені сөзсіз, өйткені, елордалық полицияға сегіз жыл қызмет еткен. Оның үстіне, бәссаудаға кім көп ақша ұсынса, сол алады деген ережемен өтеді. Сондықтан бұл көлік қымбатқа сатылуы да мүмкін.

e-auction.gosreestr.kze-auction.gosreestr.kz
e-auction.gosreestr.kz

Егер қалтаңыз көтерсе 2011 жылы шыққан Kia Cerato көлігін сатып алуға болады. БҚО-дағы Жұмыспен қамту орталықтарының бірі бұл көлікті 3,9 млн теңгеге сатуға қойған. Егер техникалық тұрғыда ақауы болмаса, тәп-тәуір көлік көрінеді.

e-auction.gosreestr.kze-auction.gosreestr.kz
e-auction.gosreestr.kz

Қарағандыдағы мемлекеттік органының бірі болса, 2014 жылы шыққан Skoda Octavia көлігін небары 2,4 млн теңгеге сатпақ. Бұл әрине, өте тиімді баға. Сондықтан болар, мемлекеттік орган өкілдері көліктің шаңын да сүртпей, суретке түсіріп алған.

Ал, егер қолыңызда небары 200 мың теңгеңіз болса, онда СҚО-дағы ауыл әкімдігі сатылымға шығарып отырған LADA көлігін сатып алыңыз.

e-auction.gosreestr.kze-auction.gosreestr.kz
e-auction.gosreestr.kz

ЭК тілшісі осындай аукциондардың арқасында табыс тауып отырған адамның бірімен сұхбаттасты.

Осындай аукциондарға қатысып, күн көруге болады. Жеке өзім бір мәміледен 100 мың теңге көлемінде пайда көремін. Бірақ, көлік таңдап, оны жөндеу керек. Қазір бұл істі қойдым, өйткені, әуресі көп,

— дейді ол.

e-auction.gosreestr.kze-auction.gosreestr.kz
e-auction.gosreestr.kz

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров