Жылу

Петропавлдағы жылу-электр орталығында тағы да апат болды

Экспресс К

© ЭК

Тұрғындар 27 наурыз күні таңертеңнен бері пәтерлерінің суып кеткенін айтып шағымданған. Сөйтсе, жақында ғана түтін шығатын мұржасы құлаған мекемеде тағы ақау шыққан екен.

Бұл туралы ақпаратты қалалық әкімдік таратты, деп хабарлайды Экспресс К

Жылу-электр станциясындағы апат 26 наурыз күні кешкі сағат 21:30-да болған екен. Салдарынан қазір орталықтың тек 2 қазандығы мен 2 турбинасы ғана жұмыс істеп тұр. "СевКазЭнерго" АҚ баспасөз қызметі апат жайында ешқандай ақпарат бермеді. Тек, қазіргі кезде қалпына келтіріліп жатқаны белгілі.

Қалыптасқан жағдайды Энергетика министрлігі түсіндірді. Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, ауа райының суытуынан станциядағы цехтардың бірі жұмысын тоқтатқан. Салдарынан 5 қазандықтың 3-еуі істен шыққан. Оларды тезірек қосу үшін қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

20 наурыз күні Петропавлдағы жылу — электр станциясындағы түтін шығаратын үш мұржаның бірі жартылай құлаған еді. Салдарынан осы мекеменің 37 жасар қызметкері үйінді астында қалып қойғаны белгілі болды. Өкінішке орай, оның өлі денесі екі күннен кейін, 22 наурызда табылды.

Бұл оқиға бойынша орталықтың директоры мен бас инженері қамауға алынған болатын. Қазір тергеу жүргізілуде. Олардан бөлек басқа да жауапты тұлғаларды тексеріп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров