Төбелес

Жабылып ұрып, бастан тепкіледі: жастардың жаппай төбелесі жұртты шошытты

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жастар арасындағы төбелес бейнеленген видео қызу талқыланып жатыр. Бұзақылардың бірінде атыс қаруы да болғанға ұқсайды.

Оқиға бірер күн бұрын Жезқазғанда болған, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазбада 4-5 жас жігіт көшеде өз қатарластарын аяусыз жабылып тепкілеп жатыр. Ауыр соққы алған жәбірленішулер тіпті орындарынан тұра алмауда. Ашуға мінген жастар жерде жатқандардың басына секіруден де тайынбапты.

Қырғын салғандардың бірінде қару да болған секілді. Өйткені тағы бір бейнежазбада жас жігіттен тапаншаға ұқсайтын зат түсіп қалған. Ол оны жерден дереу көтеріп алып, қайтадан қалтасына салып алады.

Жезқазған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бұл оқиға бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар 17 мен 18 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталыпты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,

— дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров