Орыс қызы

Орыс қыздары қазақ әндерінен попурри орындап, елдің батасына кенелді

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

facrbook.com/ЖЕТІ ЖАРҒЫ-ҚАЗАҚСТАН

Қазақ әндерін нақышына келтіріп орындаған өнерпаздарға әлеуметтік желіде жұрт тілегін жаудырды.

Бейнежазба Facebook-тегі Жеті жарғы-Қазақстан тобында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қыздар ансамбльдің сүйемелдеуімен "Мұңайма", "Жанарым", "Құдаша" сияқты ретро әндерді шырқаған.

Олардың өнеріне тәнті болған көпшілік қолдау білдіріп, түрлі пікірлерін жазып қалдырды.

"Қай тілде айтса да, өнерде шекара жоқ", "Құдашалар жарап тұр", "Керемет попурри! Сары қыздарыма көп рақмет", "Амангелді, Торғай жақтың тумалары болар",

— деп жазды желі қолданушылары.

Кеше ғана салынған видеоны желіде екі жүзден астам адам бөлісіп үлгерген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров