Оқ-дәрі

Қазақстанда жарылыс болған оқ-дәрі қоймалары жаңғыртылады

Экспресс К

Gov.kz

Ертең, яғни 28 наурыз күні Түркістан облысындағы Арыс қаласы мен Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары басталады.

Қорғаныс министрлі мәлім еткендей, аталған шаралар "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау жөніндегі тапсырмаларына сай жүргізіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

"Арыс қаласында жару арқылы жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын бар. Қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады", — делінген министрлік хабарламасында.

Жұмыстарды атқаруға 650-ден астам әскери маман жұмылдырылмақ. Бұл жерде халықтың қауіпсіздігі басты назарда ұсталады.

Оқ-дәрі қоймаларында болған жарылыстардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров