Ангелина Лукас
"Гоооу!". Қызайбай өзін жекпе-жекке шақырған Лукасқа жауап берді


instagram.com/nazym_kyzaibay09
Екі боксшының ұлттық құрама сапында жүргенде басталған ерегісі әлі басылған жоқ.
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай отандасы Ангелина Лукастың профи-рингте жекпе-жек өткізу ұсынысын қабыл алды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұған дейін Лукас жекпе-жегі туралы былай деген еді: "Иә, мен келісемін. Тек шартым бар, жекпе-жек үш раундқа емес, он раундқа арналған болуы керек. Нағыз кәсіби шайқас. Асыға күтем".
Оқи отырыңыз:
Қызайбай көп ұзамай, оған жауабын айтты.
"Мен 12 раундқа дайынмын, менің талабым — жекпе-жек алдында және өткеннен кейін допингке қарсы сынама тапсыру. Гоооу, ұйымдастырыңыздар", — деп жазды Назым өзінің Instagram-дағы парақшасындағы сторисінде.
Бөлісу