Жезөкшелер

Қазақстандық "түнгі көбелектер" қарызға қызмет көрсете бастады

Экспресс К

Pixabay

Теңгенің құнсыздануы, АҚШ долларының қымбаттауы және еліміздегі жалпы экономикалық ахуал көпшіліктің, соның ішінде, еркектердің қаржылық жағдайын шатқаяқтатқаны жасырын емес.

Осыны ескеріп, жезөкшелер бөліп төлеу жүйесімен жұмыс істеуді бастаған, деп хабарлайды Экспресс К

Қазақстандықтар біраз уақыттан бері кез-келген тауар немесе қызмет ақысын бөліп төлеуге үйреніп қалған. Енді тәнін сататындар да осы жүйемен жұмыс істеуді бастапты. Олар ғана емес, массаж қызметін көрсететін салондар да осы жүйеге көшкен. Мұндай жаңалықты олар арнайы сайттардағы анкеталарында көрсетіп қоятын болыпты. "Қызмет көрсету" қолма-қол ақшамен есептескенге қарағанда қымбаттырақ тұрады. Себебі, ортада банктің проценті бар.

Қаражаттан қысылғанына қарамастан, осы жолмен ойындағысын іске асыруға асығатын еркектердің қатары қаншалықты көп екендін дөп басып айту әрине мүмкін емес. Дегенмен, бұлай жалғаса берсе, келешекте "түнгі көбелектердің" қызметін несиеге рәсімдеу мүмкіндігінің пайда болуы да ғажап емес. Бұған дейін ЭК Нұр-Сұлтан мен Алматы жезөкшелері өз клиенттерінің аты-жөнін жария ете бастағандығын жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров