Украина

Луганск жақында Ресей құрамына қосылуы мүмкін

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Леонид Пасечник президент ЛНР ©АР

Бұл туралы Луганск басшысы Леонид Пасечник мәлімдеді. Ол өз ойын шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу барысында білдірген.

Леонид Пасечник қазіргі таңда референдум өткізу мәселесі қарастырылып жатқандығын жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып.

Жақында референдум өтеді деп ойлаймын. Халық өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, Ресей Федерациясына қосылу туралы пікірін анық білдіретін болады,

— дейді ол.

Леонид Пасечниктің сөзіне сенсек, халықтың басым бөлігі Ресей Федерациясына қосылуды құп көретін көрінеді.

Биыл ақпанның ортасында Луганск және Донецк басшылары тәуелсіздіктерін мойындау туралы Ресейге өтініш білдірген болатын. 21 ақпанда Владимир Путин тиісті жарлыққа қол қойды. Үш күннен соң Украина аумағында әскери қақтығыс басталған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров