Батыр Қазыбаев

Журналист Батыр Қазыбаев дүниеден озды

Экспресс К

Батыр Қазыбаев

Бүгін белгілі журналист, медиа менеджер Батыр Қазыбаев қайтыс болды.

Ол 54 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бүгін отандық медиа саласы ауыр қайғыға ұшырады. Ұзаққа созылған сырқаттан мықты медиаменеджер, кәсіби журналист, әріптесіміз Батыр Қазыбаев дүниеден өтті. Ірі медиажобаларды жүзеге асырған, отандық журналистикада өзіндік қолтаңбасы қалған, мектеп қалыптастырған әріптесіміз біраздан бері сырқат еді. Жақындарына, "Алаш медиа" ұжымына және журналист қауымына қайғырып көңіл айтамын. Иманы жолдас болсын.
Батырдың жарқын бейнесі біздің жадымызда сақталады"
, — деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Батыр Қазыбаев 1969 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарды. "Жетінші арна", "Tengri FM", "Фокус" газеті, "Алаш айнасы" газеті, "Massaget.kz" сайты секілді ауқымды жобаларға жетекшілік етті.

Батыр Қазыбаев "Tengrinews.kz", "Vesti.kz", "Tengri FM" сынды ақпарат құралдарының негізін қалап, "Alash Media Group" медиа холдингінің бас директоры қызметін атқарды.

Экспресс К ұжымы марқұмның жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров